Skip to content

Өз өмірінің жауапкершілігін сезіну – тұлғалық дамудың ең маңызды құндылықтарының…

Өз өмірінің жауапкершілігін сезіну – тұлғалық дамудың ең маңызды құндылықтарының бірі. Осы бағытта өткізілген әрбір сабақ барысында оқушыларға өз әрекеттері мен таңдауларының маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Сабақтарда білім алушыларға жауапкершілік ұғымының мәні, оның адам өміріндегі рөлі, болашаққа әсері нақты мысалдар арқылы жеткізілді. Әр оқушы өз өмірінің иесі екенін, әрбір шешімнің артында үлкен жауапкершілік жатқанын түсіне бастады.

Тәрбиелік мәні зор бұл жұмыстар оқушылардың саналы ойлауына, дұрыс таңдау жасауына және өз болашағына бейжай қарамауына ықпал етті.

Өз өміріне жауапкершілікпен қарау – жарқын болашақтың кепілі! ✨