🏹 «Рух бар жерде – мергендік бар!»
Ұлттық құндылықтар күніне орай мектеп оқушыларына «Рух бар жерде – мергендік бар!» тақырыбында садақ ату бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.
Ұйымдастырып садақтың ату тәсілдерімен оқушыларымызды таныстырған мектеп әкесі Ерлан мырзаға шын жүректен алғыс білдіреміз👏
✨ Шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық спорт түрлерін насихаттау, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны дәріптеу және рухани құндылықтарды бойларына сіңіру болды.
🏹 Мастер-класс барысында оқушылар садақ атудың қыр-сырын меңгеріп, мергендік қабілеттерін сынап көрді. Қатысушылар белсенділік танытып, ерекше қызығушылықпен қатысты.
🇰🇿 Ұлттық рухты дәріптеген бұл шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.
KZ

