Қатысушылар: 8-10 сынып оқушылары, «Самға» орталығының мамандары, мектеп психологы, медбике.
Мақсаты:
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау және ерте жүктіліктің алдын алу;
Оқушылардың бойында адамгершілік-жыныстық мәдениетті қалыптастыру;
Жыныстық қолсұғылмаушылық және жеке қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Барысы:Іс-шара барысында «Самға» орталығының мамандары оқушылармен ашық сұхбат жүргізді. Мамандар тарапынан келесі мәселелер қозғалды:
Физиологиялық даму: Жасөспірім шақтағы ағзаның өзгеруі және гигиеналық талаптар.
Психологиялық дайындық: Болашақ ересек отбасылық өмірге біртіндеп дайындық және жыныстық мінез-құлық нормаларын сақтау.
Мамандар оқушыларға жағымсыз салдарлардың (ерте жүктілік, инфекциялық аурулар, психологиялық соққы) алдын алу жолдарын нақты мысалдармен түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Нәтиже:Оқушылар өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсініп, құқықтық және медициналық сауаттылықтарын арттырды. Шара соңында «Самға» орталығының ақпараттық парақшалары таратылды.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : С.Қоржықбаева
KZ
