Skip to content

🏃‍♂️🏃‍♀️ Спорттық эстафета – көтеріңкі көңіл күй кепілі! 🏅 «Жұлдыз»…

🏃‍♂️🏃‍♀️ Спорттық эстафета – көтеріңкі көңіл күй кепілі! 🏅

«Жұлдыз» жазғы лагерінде бүгін спорттық эстафета ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. ⚽🏃‍♀️🏃‍♂️

Қызықты жарыстар барысында балалар өздерінің жылдамдығын, ептілігін және командалық рухын сынады. Әр топ жеңіске деген жігерін танытып, ерекше белсенділік көрсетті. 🔥

Спорттық сайыс балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға да өз үлесін қосты. 💪✨

🌟 Дені сау ұрпақ – ел болашағы!