🌸 Ұлыстың ұлы мейрамы – Әз-Наурыз 🌸
Көктемнің шуағын ала келген, табиғатпен бірге тіршіліктің жаңаруын білдіретін Ұлыстың ұлы мейрамы – Әз-Наурыз мектебімізде кең көлемде аталып өтті. Бұл күн – тек мереке ғана емес, халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрінің көрінісі, бірлік пен татулықтың, жаңару мен жақсылықтың бастауы.
Мерекелік іс-шара барысында ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, қазақ халқының сан ғасырлық салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Оқушылар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, ата-бабадан мирас болып қалған әдет-ғұрыптарды сахналық қойылымдар арқылы көрсетті. Әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй тартылып, мың бұралған билер орындалды.
Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Қолөнер бұйымдарынан ұйымдастырылған көрме арқылы оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, халқымыздың шеберлігін паш етті. Дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылып, қонақжайлылықтың айқын көрінісі байқалды.
Бұл мереке – ұрпақ тәрбиесінде үлкен маңызға ие. Жас буын ата-баба дәстүрін танып, ұлттық рухта тәрбиеленіп, өз елінің мәдени мұрасына деген құрметін арттырды.
✨ Әз-Наурыз – әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен бақыт әкелсін!
✨ Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
✨ Жылымыз берекелі, мерекеміз мерейлі болсын!
#адалазамат #біртұтастәрбиеатырау #келешекмектептері
KZ

