Skip to content

«Ұршық иіру: дәстүр мен шеберлік» атты шеберлік сағаты өтті ✨…

«Ұршық иіру: дәстүр мен шеберлік» атты шеберлік сағаты өтті ✨

03.04.2026 күні бастауыш ұлттық бұрышында қыздарға арналған ерекше мастер-класс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың көнеден келе жатқан қолөнерінің бірі – ұршық иіру өнерімен танысып, оның қыр-сырын меңгерді.

Қатысушылар жүнді өңдеу, жіпті иіру тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындап, өз қолдарымен бұйым жасап көруге мүмкіндік алды. Бұл шеберлік сағаты ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, шеберлігін шыңдауға ықпал етті.

«Өзің иірген жіп – өз шеберлігің!» деген ұстаныммен өткен іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды 💫

#ҰлттықҚұндылықтар