📌 “Зайырлы қоғамдағы жастардың рөлі” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
№48 жалпы орта білім беретін мектеп мектебінде “Зайырлы қоғамдағы жастардың рөлі” тақырыбында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесінің қатысуымен 9–10 сынып оқушылары арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында зайырлы қоғам құндылықтары, жастардың қоғамдағы жауапкершілігі, құқықтық сауаттылық пен ұлттық құндылықтарды құрметтеу мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосады. ✨
#адалазамат #біртұтастәрбиеатырау #келешекмектептері
KZ

