Жас мамандар апталығының салтанатты түрде ашылуы
Бүгін мектебімізде «Жас маман – үздік ұстаз өмірінің бастауы» атты Жас мамандар апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бұл – жаңашылдық пен ізденістің, кәсіби өсу мен шығармашылық шабыттың мерекесі. Білім жолына қадам басқан жас ұстаздар үшін бұл апта – тәжірибе алмасып, өз шеберлігін шыңдап, жаңа белестерге ұмтылатын ерекше мүмкіндік.
Апталық барысында түрлі шеберлік сабақтары, ашық сабақтар, тренингтер мен тағылымды кездесулер ұйымдастырылып, жас мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған мазмұнды шаралар өтетін болады.
Жас ұстаздарға шабыт, табыс және толағай жетістіктер тілейміз! 🌿✨
Білім атты ұлы жолда әрдайым биік белестерден көріне беріңіздер!
#адалазамат #жасмаман
KZ

