💦👑 Жазды көңілді әрі қызықты өткізейік! 👑💦
Жұлдыз лагерінде балалар асыға күткен «Су патшалығы» атты көңілді шара жоғары деңгейде өтті! 🌊☀️
Шара барысында демалушылар су ойындарына қатысып, қызықты сайыстарда бақ сынап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Балалардың шат күлкісі мен жарқын эмоциялары бұл күнді ерекше естелікке айналдырды. 🤩💙
Жазғы демалыстың әр күні қызыққа толы, ал «Су патшалығы» мерекесі соның жарқын дәлелі болды! 🌈✨
KZ

