«Жүректен жүрекке» – ата-аналарға арналған концерттік бағдарлама
Ата-аналарға арнап ұйымдастырылған «Жүректен жүрекке» атты концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті.
Бұл кеш – мейірім мен алғысқа, сағыныш пен құрметке толы әсерлі сәттерге арналды.
Кеш барысында ананың қадірі, анаға деген махаббат пен құрмет тақырыбында бірнеше тәрбиелік мәні зор көріністер қойылып, көрермендердің жүрегіне жол тапты. Әрбір қойылым ананың орны бөлек екенін, оның мейірімі мен махаббатының шексіз екенін тағы бір мәрте сезіндірді.
Өнер мен тәрбиені ұштастырған бұл кеш ата-аналар үшін де, оқушылар үшін де жүрекке жылы әсер сыйлады.
Анаға тағзым – адамгершіліктің ең биік көрінісі!
#адалазамат #келешекмектептері #біртұтастәрбиеатырау
KZ

